«AMANAT» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесі елді мекендерді аралауға шықты. Аймақтық партиялықтар алғашқы сапарды Аққайың ауданына ұйымдастырды. Ауыл тұрғындарының арыз-шағымдарын партияның СҚОФ басшылығы, жергілікті мәслихаттардың депутаттары, атқарушы органдардың өкілдері тыңдады. Олар қоғамдық бөлмемен бірге Трудовое, Кенжеғалы және Ивановка ауылдарының тұрғындарымен кездесті. «Біздің міндетіміз – азаматтардың проблемаларын жергілікті жерде тікелей өз ауыздарынан тыңдау. Бұл бастама туралы партияның соңғы съезінде айтылды. Көптеген тұрғын облыстық басқармалардың басшылығына тікелей жүгіне алмайды, бізге келуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан оларға бару, проблемаларды білу туралы шешім қабылданды. Қандай проблемалар болсын, бастысы – тыңдау және шешуге көмектесу», – деді «AMANAT» партиясы аймақтық филиалының атқарушы хатшысы Әсем Рахметова.⠀ Ауыл тұрғындарының көпшілігі абаттандыру және ТКШ мәселелерін толғандырады: олардың арасында жолдарды, ғимараттарды жөндеу, жарықтандыру, сумен жабдықтау. Білім беру және денсаулық сақтау саласында да көптеген мәселе айтылды. Ауыл тұрғындары барлық мәселелер уәкілетті тұлғаларға жеткізіліп, шешілетін болады деп сендірді.