Өзекті мәселелер шешімін табады

Өзекті мәселелер шешімін табады

«AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабыл­дауы Павлодар облысында өз жұмысын бастап кетті. Мұндай кездесулер халықпен кері бай­ланыс құралдарының тиім­ділігін арттыруға және пар­тияның жұмысын қайта жүк­теу мақсатында жүзеге асы­рылып отыр. Мобильді қабылдау бөлмелері­нің жұмысына мәслихат депутат­тары – партия фракциясының мүшелері, өңірлік филиалдардан бюро және саяси кеңес мүшелері, қоғамдық кеңестер мен мемлекет­тік органдардың өкілдері және тағы да басқалары қатысты. Осыған орай партия мүшелері Екібастұз қаласы Железин және Тереңкөл аудандарының тұрғын­дарымен кездесті. «AMANAT» пар­тиясының республикалық қоғам­дық қабылдау бөлмесінің жетекшісі Әлия Садырбаеваның айтуынша, 50-ден аса адам өтініш айта келген. «Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «AMANAT» партиясы­ның кезектен тыс ХХІІ съезінде берген тапсырмасы бойынша Рес­публикалық қабылдау бөлмесі азаматтардың проблемалары мен өтініштерін тындау және оларды шешу мақсатында шалғай ауыл­дарға барып, қабылдауды бастап кетті. Бүгін біз осы мақсатпен Ші­дерті ауылына келдік. Әрбір ауыл тұрғыны қабылдау барысында маңызды деген 2-3 өзекті мәсе­леден қозғады. Олар АӘК, Сәтпаев су каналының реконструкциясы, ауылішілік жолдардың күрделі жөндеуі, балабақшаның жөндеу жұмыстары және басқа да мәселені көтерді. Ауыл тұрғындары қозғаған мәселелер тиісті мемлекеттік ор­гандарға жеткізіп, оларды ше­шуге бар күшімізді салатын бола­мыз» деп атап өтті Әлия Садырбаева. Қоғамдық қабылдауға алғаш­қылардың бірі болып келген Шідерті ауылының тұрғыны, Қаныш Сәтпаев атындағы канал филиалы, Павлодар пайдалану басқарма бастығының орынбасары Марат Мәкенов болды. Ол Қа­зақстанның орталық өңірлерін 1974 жылдан бері таза сумен қам­тамасыз етіп келе жатқан су кана­лының ескі құрылғыларын жаңарту және мемлекеттік маңызы бар нысанды қорғау жөнінде өтініш айтты. «Қаныш Сәтпаев атындағы су каналы 1974 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Су арнасының құрыл­ғылары қайта жаңартудан өтпеген. Біз өз күшімізбен су арнасының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, халықты таза сумен жабдық­тап отырмыз. Бірақ Кеңес үкіме­тінен қалған құрылғыларды жаңар­ту мүмкін болмай тұр, себебі олар­дың бөлшек саймандары өндірісте жоқ. Заманауи құрылғыларды ор­натуға қомақты қаражат қажет. Су каналының қауіпсіздігі де қазір өте өзекті», – деді Марат Мәкенов. Сондай-ақ аманаттықтар Шідерті, Төртқұдық, Жаңа Жұлдыз, Алакөл, Тереңкөл, Иванов­ка сияқты ауылдарға барып, тұрғындарын қабылдады. Төртқұдық ауылының тұрғын­дары таза ауызсу мәселесін, рес­пуб­ликалық трассадағы қоршау­лар­ды қалпына келтіру, балаларға арналған ойын алаңдарын салу, ауылдағы жұмыссыздық, ішілік жол­дарды жөндеу бойынша арыз­данған. Мобильді қабылдау бөлмесі өз жұмысын алдағы уақытта Павлодар облысында тұрақты түрде жалғас­ты­рып, шалғай ауылдарға шығатын болады.