ІІМ Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов қаңтар оқиғасы бойынша 314 күдіктіге қатысты қылмыстық іс айыптау қорытындысымен аяқталғанын хабарлады. Олардың ішінде 156 адам ұрлық жасаған, 23-і заңсыз қару сақтаған, 7-еуі қару ұрлаған, 3-еуі тонаған. «Сот бүгінге дейін 96 адамға үкім шығарды, оның сексен сегізіне бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Екі күдіктіге қатысты бір іс бойынша тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бүгінде ішкі істер органдарының тергеушілерінде 2120 қылмыстық іс бар, олар бойынша сот санкциясымен 181 адам қамауда отыр. Оның ішінде 115 адам жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрлық жасағаны үшін, 23-і қару-жарақты заңсыз иеленгені үшін, 18-і ұрлық жасағаны үшін», – деді Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов. Ішкі істер министрлігі таратқан ақпарат бойынша, қадағалау органы қабылдаған қаулылардың заңдылығын тексеру нәтижесі бойынша 291 айыпталушы сотқа тартылған. Жеке бас сипаттамасы деректері ескеріліп 242 күдікті қамаудан босатылған.