29 наурызға арналған ауа райы болжамы
29 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: yandex.kz
110
оқылды

«Қазгидрометтің» мәліметінше, солтүстік-батыс циклоны әсерінен бүгін жаңбыр, қар жауады.

Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста дауыл соғып, қар  жауады. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, солтүстік жартысында бұрқасын соғады. Ақмола облысының солтүстік- батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады. Түнде оңтүстік-батыстан соққан жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, батыста, оңтүстік-батыста екпіні 23-28 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында 30 м/с және одан асады. Күндіз өңірдің батысында, оңтүстігінде бұрқасын көтеріледі. Түркістан облысының солтүстігінде, батысында және таулы аудандарында жел 17-22 м/с, облыстың солтүстігінде және таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с, таулы асуларда 30 м/с асады. Таңертең және күндіз таулы аудандарда найзағай жарқылдайды. Жамбыл блысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел – 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді. Облыстың шығысы мен орталығында желдің күші 30 м/с асады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында – тұман, жолдарда көктайғақ болады. Облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Қарағанды облысының батысында, күндіз батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, түнде жел облыстың батысында 15-20 м/с, күндіз батыста, оңтүстік-шығыста 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде желдің күшеюі – 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде төмен бұрқасын, көктайғақ күтіледі, облыстың оңтүстігінде тұман түседі, түнде облыстың оңтүстік-батысында, батысында 15-20 м/с жел күшейеді, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстік-батысында, батысында екпіні – 23-28 м/с. Қостанай облысының батысында, солтүстігінде төмен бұрқасын күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі түнде батыста, солтүстігінде – 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, кейде 30 м/с және одан аса күтіледі. Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында түнде көктайғақ болады, желдің күшеюі облыстың оңтүстігінде түнде – 15-20 м/с, күндіз – 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні – 23-28 м/с. Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жел қарқыны – 15-20 м/с. Күндіз облыс орталығында шаңды дауыл тұрады. Атырау облысында жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, түнде оңтүстік-батыста жел күшейеді, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні – 15-20 м/с. Түнде солтүстік-шығыста көктайғақ, бұрқасын болады. Күндіз Алматы облысының батысы мен шығысында желдің жылдамдығы 18-23 м/с жетеді.