Ішкі істер министрлігі ҰҚК және БП-мен бірлесіп, арнайы жасақтың көмегімен Алматы қаласы мен Алматы облысында арнайы операция өткізді, – деп жазады polisia.kz.
Бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапқа тартылған «Айшуақ-Жантүгел» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері ұсталды.Ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа да қатысушыларын анықтау және ұстау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Ұсталғандар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.