Қорғаушы Айман Омарованың ҰҚК арнайы мақсаттағы басқармасы қызметкерлері қаңтар оқиғасы кезінде бүкіл бір отбасын атып тастады деген мәлімдемесіне орай Бас прокуратура мәлімдеме жасады.
Ведомствоның хабарлауынша, 12 қаңтардан бастап өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
ҚР ҚК 451-бабы 2-бөлігі "Билікті және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану" бойынша ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы тергеу жүргізіп жатыр."Қылмыстық іске "құпия" деген белгі берілді. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды", – деді Бас әскери прокурор орынбасары Ермекбаев.Ішкі істер министрлігі осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу және қажетті сараптамалар жүргізіліп жатқанын растады.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Сағындықовтар отбасын атып тастау ісіне қатысты ақпарат жоқ екенін және бұл факті бойынша қылмыстық іс ашылмағанын мәлімдеді.
Қорғаушы Айман Омарованың айтуынша, Сағындықовтар отбасы 7 қаңтарда Алматының маңындағы туыстарының жерлеу рәсіміне жолға шыққан. Көлікте туыс екі отбасыдан 7 адам болған. Олар жолда жанар-жағармай құятын станцияға тоқтаған. Оларға форма киген адамдар жақындап келіп, кетіп қалған. Көлік қозғала бастағанда әлгі адамдар оқтың астына алған. Үш адамға оқ тиген. Екеуі сол жерде көз жұмса, біреуі жарақаттанған. Қорғаушының айтуынша, оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оқ атқандар ҰҚК құрылымдық бөлімшесінің адамдары екенін айтқан.