Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ерұлан Жамаубаевты Премьер-министрдің орынбасары лауазымына тағайындады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
"Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Қаржы министрі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымынан босатылсын", – делінген Жарлықта.