СІМ Ресей депутатының Қазақстанда арнайы әскери операция өткізу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді
СІМ Ресей депутатының Қазақстанда арнайы әскери операция өткізу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді
© inform.kz
145
оқылды
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мәскеу қалалық дума депутатының "Қазақстанды да денацификациялау" жайлы мәлімдемесіне пікір білдірді.  "Депутаттың мәлімдемесіне байланысты Қазақстан Ресейге ресми түрде нота жібере ме?" деген сұраққа Мұхтар Тілеуберді министрлік тек "федералдық деңгейдегі мәлімдемелерге" ғана наразылық нотасын жолдайды деп жауап берді.
- Айтылған әрбір мәлімдемені жеке-жеке қарастыру керек және сол деңгейде жауап беру керек. Мысалы, бұған дейін Зюгановтың айтқандарына (Ресей мемлекеттік думасының депутаты - ред.) біздің депутаттар өз бағасын берді. Ал мына мәлімдеме Мәскеу қалалық думасы депутатынікі. Ол - федералдық деңгей емес, – деді Мұхтар Тілеуберді.
  Бұған дейін Мәскеу қалалық думасының депутаты  Сергей Савостьяновтың Украинадағыдай бірқатар елде, соның ішінде Қазақстанда арнайы әскери операция өткізуді ұсынған болатын.