Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров суперпрезиденттік басқару формасынан бас тарту аясында президенттің қандай өкілеттіктері қысқаратынын айтты.
«Президент өкілеттіктерін шамадан тыс шоғырландырудан бас тарту мақсатында заңнамаға бірқатар түзету енгізіледі», - деді Әлібек Қуантыров.Министрдің айтуынша, Президенттің мына өкілеттіктері тоқтайды.
- президенттің өз өкілеттіктерін атқаруы кезінде саяси партияға мүшелігін тоқтату;
- президенттің жақын туыстарының мемлекеттік саяси қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор кәсіпорындары басшысы лауазымын атқаруына тыйым салу;
- президенттің облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімдері актілерінің күшін жою немесе оларды тоқтата тұру жөніндегі құзыретін алып тастау;
- аудан, облыстық маңызы бар қала, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін лауазымынан босату құқығын жою.