Хакерлер Путинге видеоүндеу жолдады
Хакерлер Путинге видеоүндеу жолдады
© utmagazine.ru
203
оқылды
Anonymous хакерлері Ресей президенті Владимир Путинге видеоүндеу жолдады.
«Путин, сенің ешбір құпияң қорғалмаған. Біз барлық жердеміз, біз  — сенің сарайыңдамыз, сен ас ішетін бөлмедеміз, үстел үстіндеміз, біз сен ұйықтайтын бөлмедеміз. Біз РФ Орталық банкінің мыңдаған құжатын жариялаймыз. Бұл - халықтан жасырылып келген хаттар, қаражат аударымдары, сенің олигархтарыңның сауда құпиялары, қазіргі экономикалық есептер», — делінген роликте.
Anonymous хакерлер тобы 24 ақпанда Ресей Украинаға басып кірген күні ресейлік мемлекеттік мекемелер мен БАҚ сайттарына кибершабуыл жасайтынын мәлімдеген.  Кремль, Мемлекеттік Дума, Қорғаныс министрлігі және басқа да мемлекеттік мемкемелердің сайттары кибершабуылға тап болды.