"Қазмедиа" орталығынан өрт шықты
"Қазмедиа" орталығынан өрт шықты
162
оқылды
Нұр-Сұлтанда "Қазмедиа" орталығында трансформатордан өрт шықты. Ведомство мәліметінше, бүгін сағат 20:41-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері «Д.Қонаев көшесі, 4» мекенжайында орналасқан ғимаратқа шұғыл шақырту бойынша жеткен.
"Адамдар қауіпсіз жерге өздері шықты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт орнында ТЖД жеке құрамының 13 адамы және 3 техникасы жұмыс істеді. Өрт сөндірушілердің күшімен 21.12-де өрт толығымен сөндірілді. Өртте аккумулятор батареялары жанғаны анықталды", – делінген хабарламада.