Жылқылар жол апатына себепші болды
Жылқылар жол апатына себепші болды
147
оқылды
Ақмола облысында қараусыз жүрген жылқылар жолға шығып кетіп,  екі бірдей жол апатына себепші болды.  Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі алғашқы оқыс оқиғаның «Көкшетау-Рузаевка» автожолының 13 шақырымында  болғанын хабарлады. Көкшетау қаласына қарай жүріп келе жатқан Volkswagen Sharan көлігі жолдың үстінде жылқыға соғылған. Кейін көлікті  Зеренді ауданының 19 жастағы тұрғыны басқарғаны белгілі болды. Арада бірер сағат өткен дәл осындай оқиға «Көкшетау-Атбасар» автожолының 9 шақырымында да орын алды. Бұл жолы Есіл қаласының 33 жастағы тұрғыны «ГАЗ 2705» көлігімен жолда жайылып жүрген жылқыны қағып кеткен. Тәртіп сақшылары мал иелерін анықтауға кіріскен. Ведомство мәліметінше, жол-көлік оқиғаларынан ешкім зардап шекпеген. Жалпы, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 408-бабына сай үй жануарларын жаю ережелерін бұзғандарға 3 айлық есептік көрсеткіштен 10 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.

Бегім  ХАН