Әділетсіз бәсекеге жол берген

Әділетсіз бәсекеге жол берген

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шым­кент қаласы бойынша департаменті қаладағы бірқатар заңсыздықтарды анықтады. Соның бірі жуырда қант тапшылығы кезінде айласын асырған сатушы­лардың әрекеті екен. Қант саудасы төңірегіндегі дүрбелең мен оның құнының күрт өсуіне байланысты тексеру жүргі­зілгенде көтерме саудамен айна­лы­­сатын екі компанияның моно­полияға қарсы заңнаманы бұзғаны белгілі болған. Атап айтқанда, олар тұтынушыларға тәтті тағам­дарды әртүрлі бағамен сатып, олар­дың құқығын бұзған. Заң бо­йынша тұтынушыларға бірдей жағ­дай жасалуы тиіс.

Энергия тасымалдаушылар келісімге келген

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Шымкент қа­ласы бойынша департаменті енді қаланы энергиямен жабдықтаушы төрт мекеменің арасындағы бәсе­ке­лестікке қарсы келісімдер жа­сау­дың деректерін анықтады. Яғни, энергия тасымалдаушы ком­­паниялар жосықсыз бәсеке­лестікке қатысты күдікке ілінді. Бұл туралы департамент басшы­сы­ның орынбасары Ернар Қос­баев атап өтті. Айта кетейік, аталған желілік компаниялар халық тұтынатын тауарларды өндіруге маманданған және әртүрлі қызмет көрсететін кәсіпорындарға электр энергия­сын сатады. Электр энергиясын сату тарифінің көтерілуі тауарлар мен қызмет көрсету құнына ай­тарлықтай әсер ететіні айтпаса да түсінікті. Осы тұста тарифтерде едә­уір айырмашылық болған. Тіпті, кейбіреуінде киловатт саға­тына 10 теңгеге дейін көтерілген. «Электрмен жабдықтаушы компаниялар тұтынушыларға баға шарттарын белгілеу тұтынушы үшін өнім бағасының көтерілу қаупін туғызады. Бұл ретте электр энергиясының құны нарықтың жекелеген қатысушылары үшін төмен болды. Мұндай үдерістер тиім­ді бәсекелестікке қауіп төн­діреді және соның салдарынан өңірдегі кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіреді. Бұл әрекет әдейі ұйымдастырылды ма, жоқ па ол тергеу барысында анықталатын болады», – дейді Ернар Қосбаев. Шымкентте энергиямен жаб­дық­тау нарығында жұмыс істейтін кәсіпорындар бір-бірімен тығыз байланысты. Сонымен қатар олар­дың қызметі енді жекеменшік монополияның жұмыс істеуіне өте ұқсас жағдай қалыптастырды. Салдарынан бұл жағдай нарыққа шыға алмайтын басқа энергия желілері, яғни жекеменшік компа­нияладың құқықтарын бұзу қаупін тудырады. Монополияға қарсы де­партамент мұның барлығы бә­се­келестіктің тиімді дамуына қауіп төндіреді және бизнеске зиянын тигізеді деп отыр. Ернар Қосбаев әділетсіз мо­нополияға жол берілмейтінін және мұндай әрекеттер үшін жа­уап­кершілік қарастырылғанын атап өтті. Тексеру аяқталған соң тиіс­ті шаралар қабылданбақ.

Қоқыс тазалаудағы талас

Сонымен қатар Шымкентте қо­қыс тасушылар арасындағы дау бойынша тергеу жұмыстарының басталғанын еске салды Бәсеке­лестікті қорғау және дамыту агент­тігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті. Монополияға қарсы департа­мент қызметкерлері «LTD Тұр­мыс» ЖШС-на қатысты тергеу жұ­мыстарын бастады. Серіктестік қалаға кірген өзге компанияларға үстемдік танытқан. Еске сала кетейік, мегаполисте күл-қоқыс шығарумен айналы­са­тын бірнеше колмпания арасында талас туып жүрген болатын. Мә­се­лен, «LTD Тұрмыс» ЖШС, Shym­kent SpecComplex ЖШС, EcoSpecTrans ЖШС және «МПЗ Green Line» жауапкершілігі шек­теулі серіктестіктері тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару нары­ғына басқа бәсекелестердің кі­руіне жол бермей келген. «Салда­рынан мұндай әрекеттер нарықты монополиялау барысындағы әділ бәсекелестікті жояды», – дейді Бә­секелестікті қорғау және дамы­ту агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшы­сы­ның орынбасары Ернар Қосбаев. Аты аталған компаниялар өткен екі жыл бойы өзге компаниялар­дың нарыққа енуіне жол бермеу үшін барынша кедергі келтірумен айна­лысқан. Кейде, тіпті қоқыс жинау орындарынан бәсекелес­терінің контейнерлерін алып тас­тауға дейін барған. Дәл осындай жағдайдан соң 2019-2020 жылда­ры «Орионнговтех» ЖШС мен «Экоспектранс» ЖШС на­рық­тан кетіп тынды. Депар­тамент бас­шысының орынбасары тергеу аяқталып, қорытындысы алын­ған­­нан кейін тиісті шешім қабыл­данады деп отыр. Алайда қоқыс тазалаушылар бір-бірімен таласып соттасып жүр­генде үшінші мегаполис бү­гінде лас қалаға айналып барады.

Шымкент қаласы