Бір тәулікте боранда жолда қалған 372 адам құтқарылды, үш бала зардап шекті
Бір тәулікте боранда жолда қалған 372 адам құтқарылды, үш бала зардап шекті
130
оқылды
Төтенше жағдайлар министрлігінде ТЖ-ны жою жөніндегі республикалық штаб құрылды. Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында осындай штабтар жұмыс жүргізуде. Психологиялық көмек және ақпараттық қолдау көрсету үшін республикалық және аумақтық штабтарда жедел желі телефоны жұмыс істейді.  Өткен тәулікте құтқару бөлімшелері Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарында 372 адамды, оның ішінде 312 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, жергілікті атқарушы органдар мен жол қызметтерінен 539 адам және 277 бірлік техника жұмылдырылды. Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарының жылыту пункттерінде 89 адам, оның ішінде 11 бала бар.  width= Автожолдардың жабық учаскелерінде халықты эвакуациялау үшін уақытша жылытудың 40 пункті дайындалды. Жол қызметтері қарды тазалап жатыр.
Қазіргі уақытта Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында автожолдардың 111 учаскесі жабылды, олардың 52-сі республикалық және 59-ы облыстық маңызы бар жолдар.
Блокбекеттерде 1 434 бірлік техника, оның ішінде 946 бірлік жеңіл, 482 бірлік жүк және 6 автобус тұр: Ақмола облысында – 735 бірлік техника (547 жеңіл және 188 бірлік жүк), Қарағанды облысында – 532 (жеңіл-318, жүк – 208 және 6 автобус), Қостанай облысында – 57 бірлік техника бар техникалық бірлік (жеңіл-35, жүк-22), Павлодар облысы - 110 бірлік техника (жеңіл-46, жүк-64). Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты дауылдың салдарынан шатырлар ұшып, ағаштар құлады. Электр жарығы өшті. Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы мен Алматы облысында төтенше жағдайдың салдарынан 6 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті.