Солтүстік Қазақстанда әйел 12 жастағы баласын күйеуіне тастап, шетелге кеткен. Полицейлер алимент төлемей, АҚШ-та жүрген әйелді іздеп тапты. Полиция департаментінің мәліметінше, 40 жастағы әйел 12 жастағы баласын бұрынғы күйеуіне қалдырып, Ресейдің Түмен қаласына кетіп қалған. Полицейлер әйелдің АҚШ-қа кетіп, тұруға ықтияр хат алғанын, жүрген жерін анықтады. Алимент төлеуден жалтарған әйел жеке сот орындаушысына хабарласып, алимент төлеуге тиіс екені ескертілді. Бұдан былай Қазақстанда сот орындаушылар бір айда алимент өндіре алмаса, лицензиясынан айырылатынын жазған болатынбыз.