Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы да төмендеді. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлады. Таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 12 теңгеге төмендеп, 457 теңгеге тең болды. Ұлттық банк 30 наурызға белгілеген ресми доллар бағамы – 471,30 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы – 455,49 теңге, сатылым – 460,69 теңге. Нұр-Сұлтанда валютаны орта есеппен 451,19 теңгеден сатып алады, 457,30 теңгеден сатып жатыр.