Дархан Кәлетаев қос қызметті қатар атқармайтын болды  
Дархан Кәлетаев қос қызметті қатар атқармайтын болды  
Фото: azh.kz
157
оқылды
Президент жарлығымен Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін ғана атқаратын болды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және өкілетті елшісі Дархан Аманұлы Кәлетаев Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды. Осыған дейін Украинада қалған отандастарымыз елге оралғанын хабарлаған болатынбыз.