Еңбек министрлігі жастарды жаңа тәсілмен жұмыспен қамтымақ  
Еңбек министрлігі жастарды жаңа тәсілмен жұмыспен қамтымақ  
Фото: yandex.kz
125
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, жастар жұмыспен қамту орталықтарына келе бермейді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, көбінесе, сұранысқа сай қайта оқудан өту, бос жұмыс орындары туралы қызметті жастар пайдаланбайды.
«Сондықтан жұмыссыз жастарды өзіміз анықтап, оларға  SMS хабарлама жібереміз. Онлайн режимде оқып, қысқа мерзімді курстардан өту немесе қоғамдық жұмысқа тарту қызметі ұсынылады», – деді ол.

Бұған дейін Қазақстанда білікті мамандар азайып, кедей көбейгенін жазған болатынбыз.