Рахмонов «Гаити сенсациясын» жекпе-жекке шақырды
Рахмонов «Гаити сенсациясын» жекпе-жекке шақырды
Фото: kstnews.kz
UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов АҚШ өкілі, «Гаити сенсациясы» лақап атымен танылған Нил Магниді жекпе-жекке шақырды. Шавкат Twitter-де Магнидің баспасөз мәслихатында кез келген қарсыласпен, соның ішінде Фрэнсис Нганну мен Хамзат Чимаевпен төбелесуге дайын екенін айтты.
«Маған қарсылас бол, Нил! Менімен ешкім төбелескісі келмейді», – деп жазды Рахмонов.
Айта кетейік, Нил Магни қазір UFC жартылай орта салмақ рейтингінде 9-орында, ал Шавкат Рахмонов 15-орында тұр. Екі спортшы да соңғы жекпе-жектерінде жеңіске жетті.