Әлеуметтік желіде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов журналистің сұрағына жауап бермеген видеосы кеңінен таралды. Бейнежазбада министрге журналистердің бірі «Тоқаев тигр ме?» деген сұрақ қойған. Асхат Аймағамбетов сұраққа жауап бермеді. Тіпті, журналистің бұл сұрағын естімегендей болды.
Естеріңізге салсақ, Алматыда «Жаңа Қазақстан. Күшіміз бірлікте» атты жастар форумы өткен. Сол бейнежазбада Алматы Аренаның алдында жиылған жастар «Наш президент – тигр» деп ұрандатып шыққан болатын.