18 наурызда Шымкент қаласының ҰҚК департаментінің қызметкерлері Қазақстанға есірткінің ірі партияларын жеткізуге қатысы бар деген күдікпен С. деген азаматты ұстады. Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 10 килограмнан артық жоғары сапалы ауған гашиші алынды.
"Алынған есірткінің «қара нарықтағы» алдын ала құны 50 млн теңгеден асады", - делінген хабарламада.Сотқа дейінгі тергеу материалы ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша СТБТ-ға тіркелді.