Алматыда жасырылған 78 қару анықталды
Алматыда жасырылған 78 қару анықталды
Фото: Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі
220
оқылды
Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерінен ірі қару-жарақ әскери арсеналы тәркіленді. Алматы қалалық полиция департаментіндегілердің мәлімдеуінше, ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін ұйымдасқан қылмыстық топтың бес мүшесі ұсталып, қамауға алынды. Кешенді жедел және арнайы іс-шараларды жүргізу барысында олардың Алматы облысы аумағында бірнеше қару жасыру орындарын ұйымдастыру деректері анықталды.
– 2 «Калашников» автоматы (АКС), «Макаров» және «ТТ» жүйелерінің 2 жауынгерлік тапаншасы, 3 аңшылық карабин, 2 тегіс ұңғылы винчестер, 13 кесілген аңшы мылтығы, 53 аңшы мылтығы, 3 травматикалық тапанша, сондай-ақ, әртүрлі атыс қаруына арналған 200-ден астам оқ-дәрі тәркіленді, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Сонымен қатар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен 2 жауынгерлік және 4 жарық шулы граната, 4 пышақ, 2 портативті радиостанция, сондай-ақ әртүрлі арнайы құралдар – оптикалық көздеуіштер, оқ өткізбейтін жиде, таяқша және т.б. алынды.