Бангладеште Қазақстан азаматын пышақтап кетті
Бангладеште Қазақстан азаматын пышақтап кетті
195
оқылды
Бангладештегі тұрмыстық жанжал кезінде қазақстандық азамат қаза тапты. Қазақстанның тағы бір азаматы ауыр жарақат алып, ауруханада жатыр.
"26 наурызда Үндістандағы ҚР елшілігінің консулдық бөліміне Бангладеш аумағында бір компания қызметкерлері арасында тұрмыстық жанжал туындап, салдарынан Қазақстан азаматы қаза тапқаны туралы хабарлама келіп түсті. Марқұм пышақ жарақатынан көз жұмған", – деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Ведомствоның хабарлауынша, елшіліктің консулдық бөлімі аталған оқиғаға қатысты толық ақпаратты анықтау және мәйітті Қазақстанға жеткізуге көмектесу үшін компания өкілдерімен және марқұмның туыстарымен үнемі байланыс ұстап отыр. Оқыс оқиға салдарынан тағы бір қазақстандық пышақтан зардап шеккен. Қазіргі уақытта ол Дакка қаласындағы ауруханалардың бірінде ем алуда.