Елордада бір тәулікте 160 жол апаты тіркелген

Елордада бір тәулікте 160 жол апаты тіркелген

Елорда әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райының салдары туралы айтты. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 112 құтқару қызметіне 2 175 шақырту түскен. 29 наурыз сағат 18.20-дан 30 наурыз таңғы сағат 6.00-ге дейін екпінді жел мен қарлы боран салдарынан 18 оқиға туралы хабарлама түскен. Тұрғындар ағаштардың құлауы, шамдардың сынуы, шатыр жабындарының бұзылуы және т.б. деректерге қатысты шағымданған. Полиция департаменті мәліметінше, елордада бір тәулікте 160 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Зардап шеккендер жоқ.

"Елордалық құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп, 38 рет рейс жасады. Қалада және жақын маңдағы аудандарда құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде 160 адам құтқарылды, оның ішінде 52-сі бала. Жол полициясымен бірлесе отырып, бекеттер орнатылды. Аялдамаларда автобус күтіп тұрған азаматтарды жеткізу үшін қала бойынша 25 жергілікті ауысым жұмыс істеді", - деді ТЖД өкілдері.