Шымкент полицейлері әлеуметтік желіде тараған аудио жазба бойынша тексеру жүргізеді
Шымкент полицейлері әлеуметтік желіде тараған аудио жазба бойынша тексеру жүргізеді
Шымкент полициясы желідегі тараған аудио жазбаға қатысты қызметтік тексеру жүргізеді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Шымкент қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Бекеева деп көрсетілген аудио жазба әлеуметтік желіде үлкен талқылауға түсіп жатыр. Онда әйел адамның қызметкеріне жекіп сөйлеп, былапыт сөздер айтқанын естуге болады. Тіпті жұмыстан босату жөнінде мәселе қарайтындығын жеткізген дауыс иесі, әдеп нормаларын сақтамай, аузына келген сөздерді қарша боратқан. Бүгін Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал майоры Қайрат Дәлбеков бұл жағдай бойынша қызметтік тексеру жүргізілетіндігін айтты.
«Шымкент қаласы полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасына бейнежазбаға қатысты қызметтік тексеру жүргізуді тапсырдым. Қорытындысы бойынша нақты шешім қабылданатын болады» - делінген Қайрат Дәлбековтың жазбасында.
https://www.youtube.com/watch?v=hOE0mFFEEDA