Қараша айында әлем бойынша локдаун енгізіледі – фейк
Қараша айында әлем бойынша локдаун енгізіледі – фейк
139
оқылды
Қазнет пайдаланушылары глобалистердің осы жылдың қараша айында әлемде локдаун дайындап жатқандығы туралы жазуда. Олар доктор Фаучидің CNN телеарнасындағы сөзінен кейін осындай қорытынды жасаған. Шын мәнінде, ол жаһандық карантиндік шектеулер туралы айтқан жоқ, - деп хабарлайды stopfake.kz сайты.  width= Доктор Энтони Фаучи – АҚШ президенті Джо Байденнің кеңесшісі, ол биыл 18 наурызда COVID-19 пандемиясының әлі аяқталмағанын және қажет болған жағдайда шектеулер енгізу үшін аурудың таралуы мен өлім-жітімді бақылау қажет деп мәлімдеді. Алайда, АҚШ-та, тіпті әлемде толық локдаун енгізу туралы сөз болған жоқ. Биыл қаңтар айында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елімізде «шектеу шаралары әрбір өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты нысандарда сараланған түрде қолданылатын болады» деп айтқан болатын. 30 наурыздағы деректер бойынша Қазақстанда КВИ-мен сырқаттанушылық бойынша жағдай тұрақты, елдің барлық өңірлері «жасыл» аймақта орналасқан.