31 наурызға арналған ауа райы болжамы
31 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: ТЖМ-нен алынды
158
оқылды
«Қазгидрометтің» мәліметінше, антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек қана елдің солтүстігі мен шығысында солтүстік-батыс циклонның әсерінен жауын-шашын болуы ықтимал. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста – бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл болжанып отыр. Солтүстік Қазақстан облысында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с, өңірдің солтүстігінде, шығысында 30 м/с және одан да асады, оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Қостанай облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, облысының батысында, орталығында тұман, желдің күшеюі түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында көктайғақ, тұман, желдің күшеюі – 15-20, екпіні – 23 м/с. Маңғыстау облысының шығысында, орталығында шаңды дауыл, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман, күндіз облыстың солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақтөбе облысының шығысында тұман, түнде облыстың солтүстігінде жел күшейеді – 15-20 м/с. Алматы облысының солтүстік-шығысында желдің күші – 15-20, екпіні – 25 м/с, түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түсуі ықтимал. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20, кей уақыттарда 23 м/с дейін күшейеді, түнде және таңертең өңірдің оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с, түнде облыстың солтүстік-шығысында, шығысында тұман түседі. Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Атырау облысының батысында тұман болады.