Полицейлер ағылшын тілі кабинетінен 11 келіден астам есірткі тапты – видео
Полицейлер ағылшын тілі кабинетінен 11 келіден астам есірткі тапты – видео
Фото: polisia.kz
168
оқылды
Семейде полицейлер ағылшын тілі курсы кабинетінен 11 келіден астам есірткі тапты, – деп жазады Polisia.kz. Полицейлер есірткі тасымалдайды деген күдікпен Семей қаласының білім беру орталықтарының бірінің ағылшын тілі кабинетінде Алматы қаласының 36 жастағы тұрғынын ұстады. Оқу бөлмесін тінту кезінде полиэтиленді түйіншектен есірткі табылды. Тәркіленген зат салмағы 11 келіден астам кептірілген марихуана екені белгілі болды.   https://youtu.be/0kBFfFTGLB0 Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл баптың санкциясы бойынша 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.