Delta Bank ісі: топ менеджерлерді тергеу аяқталды

Delta Bank ісі: топ менеджерлерді тергеу аяқталды

Forbes журналының сараптауы бойынша Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендерінің бірі болған Н.Тілеубаевқа қатысты тергеу аяқталды. Қаржылық мониторинг агенттігі Delta Bank топ менеджерлеріне қатысты тергеуді аяқтады.

«Н.Тілеубаев 2012-2017 жылдары аралығында қасақана қайтарымсыз несие беру арқылы банк қаражатын шығарған. Тергеу барысында күдіктілер мен олардың жақын туыстарының құны 48 млрд теңгеден асатын 5 қант зауыты, 20-дан астам жер учаскесі, 70 жылжымайтын мүлкі және 40 автокөлік құралы бұғатталды» делінген ресми хабарламада.
Агенттіктің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Салтанат Көшербаеваның айтуынша, күдіктілердің Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Латвия мен Чех Республикаларындағы активтері бұғатталды. Шығын көлемі – 200 миллиардтан астам теңге, 200 млн доллар мен 4 млн еуро. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жіберілді. Күдіктілер қамауға алынды.