Комитет сотталғандарды бақылау үшін 2,5 мың электронды білезік алды – видео
Комитет сотталғандарды бақылау үшін 2,5 мың электронды білезік алды – видео
214
оқылды
Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің басшысы Жанат Ешмағамбетов электронды бақылау құралдарын болашақта бас бостандығынан айыру орындарына қамаудың баламасы ретінде қаралуы мүмкін екенін айтты.
«Есепке алынған адамдарды электронды бақылау Батыс Еуропа мен АҚШ-тың көптеген дамыған елдерінде, сонымен қатар ТМД-да да қолданылады. Халықаралық тәжірибені зерттеп, бірнеше түрді қолдана отырып, біз электронды білезіктерді таңдадық. Көптеген елде электронды бақылау құралдары түрмеге қамауға ауыстыру ретінде қолданылады. Біз білезіктер пробация қызметінің сотталғандарына қолданамыз. Болашақта электронды білезіктерді қолдану бас бостандығынан айырудың баламасы ретінде қарастырылады деп ойлаймын», – деді Жанат Ешмағамбетов.
https://youtu.be/pdPOSI_1PHk Сотталғандарды қадағалау үшін электронды бақылау жүйесі – радио сигналын беретін электронды білезіктер қолданылады. Бұл таратқыштар GSM/GPRS арнасы арқылы жұмыс істейді. Нақты уақыт режимінде адамның қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді. Жалпы, 2,5 мың білезік сатып алынды. Қызметке білезіктер жиынтығы, SIM-карталар, байланыс қызметтері, бағдарламалық қамтамасыз ету, техникалық сүйемелдеу кіреді. Олардың басым бөлігі ШҚО, Қарағанды, сондай-ақ Қостанай облыстары сияқты ірі өңірлерге берілді. Білезіктің құны 10 мың теңге, осы бағаға қызмет көрсету және техникалық сүйемелдеу қоса кіреді. Бұған дейін педофилдерге электронды білезік тағылатынын хабарлаған болатынбыз.