Ертеңнен бастап Кореяға визасыз баруға болады
Ертеңнен бастап Кореяға визасыз баруға болады
Фото: baribar.kz
470
оқылды
1 сәуірден бастап Қазақстан мен Корея Үкіметі келісімі нәтижесінде, екі ел арасында отандастарымыз визасыз баруға мүмкіндік ашылды. СІМ-нің мәліметінше, бұған дейін Оңтүстік Корея тарапы COVID-19 пандемиясына байланысты барыс-келісті тоқтатты. Қазақстан азаматтары Корея Республикасына 30 күнге визасыз баруына болады.
Кореяда еңбек етуге, білім алуға немесе Оңтүстік Корея аумағында тұруға ниет болған жағдайда тиісті визаны алуы қажет.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта шетелдік азаматтардың Корея Республикасына кіруін авторизациялаудың «К-ЕТА» электрондық жүйесі жұмыс істейтінін ескеру қажет. Оған сәйкес елге визасыз режим негізінде келетін шетелдіктерге ұшуға дейін кемінде 24 сағат бұрын www.k-eta.go.kr сайты арқылы жоспарланған сапар туралы электронды хабарлама түрінде өтініш беру және содан кейін Оңтүстік Корея билігінің елге кіруге рұқсатын алу талап етіледі. Мұндай рұқсат болмаған жағдайда әуекомпания ұшақ бортына отырғызудан бас тарта алады.