Бүгін доллар бағамы қайта өсті

Бүгін доллар бағамы қайта өсті

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы қайта қымбаттады. Доллар бағамы кешегі күнмен салыстырғанда 6,34 теңгеге өсті. АҚШ долларының орташа бағамы 465, 49 теңге болды. Ұлттық банктің бүгінге бекіткен ресми бағамы – 1 доллар үшін 458,20 теңге. Kurs.kz-тің дерегінше, бүгін Алматыда доллар 461,17 теңгеден сатылса, сатып алу – 466,21 теңге. Астанада доллар 462, 97 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 467, 03 теңге. Кеше доллар бағамы арзандаған еді.