Түркістан облысында төрт баланың анасы камераға түсіріп өзін және балаларын өртеп жіберемін деп қорқытты. Әйелдің үндеуін журналист Гүлмира Әбіқай Facebook парақшасында жариялады, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy. Кадрларда әйел адам үйде тұтанған отты көрсетіп, жантүршігерлік әрекетке ақшаның жоқтығы себеп болғанын айтады. Сонымен қатар, көпбалалы ана Жетісайдың уәкілетті органдарының әрекетіне шағымданды. Полиция департаменті бұл фактіге қатысты түсініктеме берді.
«Тексеру барысында бұл оқиғаның 28 наурызда болғаны анықталды. Өрт қойылған заттар бірден сөндірілді, балаларға қауіп төніп тұрған жоқ. Полицейлер әйел адамға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл отбасы құзырлы органдардың бақылауына алынды», – дейді Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.