Алматыда "жарылғыш зат" қойылған 7 нысанның 6-уы тексерілді, – деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.
«Тағы 3 нысан – 2 сауда үйі мен оқу орнынан жарылғыш зат табылған жоқ. Ақпарат расталмады. Нысандар шаттық жұмыс режиміне көшті. Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары Алматы халықаралық әуежайында жалғасып жатыр», – делінген хабарламада.Өз кезегінде Алматы әуежайы жарылғыш зат табылмағанын хабарлады.
«Кешенді тексеру нәтижесінде жарылғыш зат туралы ақпарат расталмады. Әуежай жұмысын штаттық режимде жаңғыртты», – делінген ақпаратта.