Қазақстанның бірнеше қаласында бір сәтте жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламалар келіп түсті

Қазақстанның бірнеше қаласында бір сәтте жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарламалар келіп түсті

Қазақстанның бірқатар қаласында жарылғыш заттар қойылғаны туралы хабарламалар келіп түсті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстанның бірқатар қаласында түрлі объектілерінде орнатылған жарылғыш құрылғылар туралы келіп түскен хабарламаларға байланысты келушілер мен персоналды эвакуациялау, ғимараттарды қоршау жүргізілді, арнайы техника мен қызметтік-іздестіру иттерін қолдана отырып, тиісті қызметтер мен мамандардың объектілерді тексеруі қамтамасыз етілді. Жарылғыш заттар туралы хабарламалар Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларында тіркелген.
«Бүгін полицияның «102-ге» «My car» және «Lexus» автосалондары, «Хан Шатыр» және «Mega Silk Way» сауда орталығына белгілі бір электронды мекенжайдан жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хат келген. Қазіргі уақытта қаланың шұғыл қызметі нысандарды тексерумен айналысып жатыр», – делінген елордалық Полиция департаменті таратқан хабарламада.
Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Ішкі істер министрлігі салынған жарылғыш зат туралы көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді. Тұрғындарды сабырлық сақтауға, өткізілетін іс-шараларға және қабылданатын қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады.