Шекарашылар елімізден 15 миллионнан астам ресейлік рубльді шығару әрекетінің жолын кесті
Шекарашылар елімізден 15 миллионнан астам ресейлік рубльді шығару әрекетінің жолын кесті
© inbusiness.kz
128
оқылды
Шекарашылар елімізден 15 миллионнан астам ресейлік рубльді шығару әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі. 
«ҚР қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын орындау үшін 2022 жылғы 28 наурызда «Жаңа жол» автомобиль өткізу пунктінде (Солтүстік Қазақстан облысы) шекарашылар елімізден 15 миллионнан астам ресейлік рубльді (баламалығы 80 миллион теңге) шығару әрекетінің жолын кесті", – делінген хабарламада.
ҰҚК Шекара қызметі шетелге шығу кезінде құқықбұзушылықты болдырмау үшін ҚР қаржы заңнамасының талаптарын сақтау қажеттігін еске салады.