Қарағанды облысында жарылғыш зат туралы жалған ақпарат таратқан күдікті ұсталды
Қарағанды облысында жарылғыш зат туралы жалған ақпарат таратқан күдікті ұсталды
173
оқылды
Қарағандыда жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген күдікті анықталды. Қарағанды облыстық Полиция департаменті Экстремизмге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында жалған ақпарат берді деген күдікпен 29 жастағы ер адам анықталып, ұсталған.
"Ол өз ісін мойындап, айғақ зат ретінде ұялы телефон тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 31 наурызда сағат 9.00-де "102" телефонына Қарағандыдағы Мұқанов көшесіндегі ХҚКО ғимаратына "жарылғыш зат қойылған" деген ақпарат түскен. Ғимараттан 31 адам эвакуацияланды. Ғимаратты қарау барысында ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.