Бірнеше өңірде ескерту жарияланды-31.03.2022
Бірнеше өңірде ескерту жарияланды-31.03.2022
162
оқылды
Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады. 1 сәуір күні Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігі мен батысында екпіні 15-20 м/с жел соғады. 1 сәуір күні Оралда түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. 2022 жылдың 1-3 сәуірі аралығында ауа температурасының көтерілуіне байланысты Ақмола және Павлодар облыстарының өзендерінде қар еріп, мұз жұқарып, су деңгейі көтеріледі. 1 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен батысында түнде және таңертең жаяу бұрқасын жүріп, тұман түседі, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен батысында оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады. Петропавлда 1 сәуірде түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. 1 сәуірде түнде Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман түседі. 1 сәуір күні Алакөл көлдері ауданында оңтүстіктік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. 1 сәуірде Қостанай облысының солтүстігі мен оңтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігі мен шығысында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Қостанайда 1 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.