Көлік полициясының қызметкерлері Алматыдағы полиция ғимараты мен әуежайға шабуыл жасағандардың бірін ұстады. Бұл туралы ІІМ Көліктегі полиция басқармасының басшысы Оңал Бекеев мәлімдеді, - деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ведомствоның мәліметінше, қылмыскерді қаңтардағы тәртіпсіздікті тергейтін көліктегі полиция департаментінің жедел-тергеу тобының қызметкерлері ұстаған.
"Бейнебақылау камерасындағы жазбаларды қарау барысында Алматы қаласында тұратын 24 жастағы Жамбыл облысының тумасы анықталып, ұсталды. Анықталғандай, ол биылғы жылдың 5 қаңтарында басқа да тәртіпсіздіктерге қатысушылармен бірге, қару-жарақ дүкенінен қару ұрлап, Алматы әуежайына қарулы шабуыл жасаған. Содан кейін жас жігіт сыбайластарымен Алматы қалалық ІІД ғимаратын таңғы сағат 6-ға дейін қоршауға алған", - деді генерал-майор Бекеев.https://www.youtube.com/watch?v=KSZlFkJmHuI&feature=emb_title