Қазақстанда Ресейдің 100 мыңдай азаматы жүр

Ресей мигранттары

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновтың айтуына қарағанда, Ресейден Қазақ­станға еңбек мигранттары көп келе қоймайды.  Елде жүр­ген ресейліктердің көбі бұрын келген азаматтар.

«Қазір ресейлік еңбек мигранттарының ағылуы бола қоймайды деген ойдамыз. Қазақстанда бүгінде 100 мыңдай Ресей азаматы бар. 2022 жылдың басынан бері 6 мыңдай ресейлік келіп, жұмыс істеп жатыр», – деген министр Қазақстаннан  кетушілердің саны келушілерден  көп екенін айтты.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.