Жартылай финалға өтті
Жартылай  финалға өтті
178
оқылды
Қазақстандық теннисші Александр Недовесов жұптық сында Испаниядағы Марбелья челленджер турнирінің жартылай финалына шықты. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Недовесов пәкістандық Айсам Курешимен бірге ширек финалда испаниялық Пабло Андухар және швейцариялық, кезінде жекелей сында үш мәрте «Үлкен дулыға» жарысының жеңімпазы атанған Станислас Вавринкамен кездесті. Александр мен Айсам бірінші партияда қарсыластарын 6:1 есебімен жеңді. Екінші сетте де (7:6) басымдық танытты. Жартылай финалда Недовесов пен Куреши чехиялық Роман Жебавы - аустриялық Филипп Освальд немесе ұлыбританиялықтар Джонни О Мара - Кен Скупски жұптарының қай жеңгенімен шеберлік байқасады.