Заң шығару жұмыстары жайлы баяндады
Заң шығару жұмыстары жайлы баяндады
145
оқылды
Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  Қасым-Жомарт Тоқаевқа ТМД-ға мүше мем­лекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы кеңе­сінің құрылғанына 30 жыл толуына орай Алматыда өткен мерейтойлық жиынның қорытындылары туралы баяндалды. Сенат төрағасы Мемлекет басшысына биыл қыркүйек айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне дайындық жұмыстары туралы мәлімет берді. Қасым-Жомарт Тоқаев қазір заманымыздың ең өзекті мәселелері бойынша сындарлы диалогты қамтамасыз ететін қазақстандық форумға әмбебап әрі жаһандық дінаралық диалог алаңы мәртебесін алу маңызды міндет екенін атап өтті. Мәулен Әшімбаев палатаның Қазақстан хал­қына Жолдаудағы негізгі бағыттарды жүзеге асыру жөнін­дегі заң шығару жұмыстары туралы айтты. Мемлекет басшысы еліміздегі әлеуметтік-эконо­микалық және саяси реформаларды заңнамалық тұрғыда сапалы қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар Сенат спикері депутаттардың өңірлерге сапарларының қорытындылары туралы ақпарат берді.