Чемпионатқа 29 команда барады
Чемпионатқа 29 команда барады
184
оқылды
Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының финалдық сатысына жолдама алған 29 құрама анықталды. Әлем чемпионатына тағы екі жолдамаға Солтүстік Америкадан Мексика мен АҚШ құрамалары қол жеткізді. Одан бұрын мұндай мүмкіндікке Канада құрамасы ие болған еді. Еске салсақ, бұған дейін олардан басқа 26 құрама жол­­дама алып үлгерген. Олар­­дың қатарында алаң иесі – Катар, Еуропа елдерінен – Германия, Дания, Фран­ция, Бельгия, Хорватия, Испания, Сербия, Англия, Швейцария, Нидерланд, Португалия, Польша, Оңтүстік Америкадан – Бразилия, Аргентина, Уругвай, Эквадор, Азия мемлекеттерінен – Иран, Оңтүстік Корея, Жапония, Сауд Арабиясы, Африкадан Камерун, Марокко, Тунис, Гана, Сенегал құрамалары бар. Еуропа құрлығында әлем чемпионаты өтпелі сайысында бір ойынмен Шотландия мен Украина жеңімпазы анықталады. Кездесу шамамен маусым айына белгіленген. Жеңімпазы сол айда Уэльспен тағы бір жолдаманы сарапқа салады. Ал Оңтүстік Америка, Азия, Солтүстік Америка және мұхит аймағынан төрт құрама құрлықаралық өтпелі сайыста тағы екі жолдамаға таласады. Әлем чемпионатының финалдық сатысының жеребесі 1 сәуірде Катар астанасы – Доха қаласында өтеді. Ол елорда уақытымен 22.00-де Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Дүбірлі дода осы жылдың 21 қарашасы мен 8 желтоқсаны аралығында Катарда болады.