Сәуірдің бірінші күніне арналған ауа райы болжамы
Сәуірдің бірінші күніне арналған ауа райы болжамы
© Sputnik / Анатолий Устиненко
106
оқылды
Синоптиктер 1 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
«Республиканың басым бөлігі әлі де антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Тек елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында Солтүстік-батыс циклоны әлі де өз әсерін тигізеді, осыған байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Республика бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі, солтүстікте – жаяу бұрқасын, көктайғақ болады», – делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, облыстың солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман түседі, түнде солтүстік-шығысында және таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман түсіп, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі, облыстың солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Маңғыстау, Павлодар облыстарының оңтүстігінде, түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман болады.