«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Германияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Германияның Қазақстандағы Елшісімен кездесті
193
оқылды
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Моника Иверсенмен кездесті. Тараптар саяси ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Кездесуде Асхат Оралов Германия Қазақстанның Еуропадағы негізгі әріптестерінің бірі екенін атап өтті.
«Осы жылдар ішінде берік, сындарлы саяси диалог орнап, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастар қарқынды дамып келеді. Бізді Германиядағы партия құрылысының тәжірибесі, сайлаушылармен жұмыс істеу әдістері, жалпы партиялық жүйесі қызықтырады», – деді Атқарушы хатшы.
Асхат Оралов «AMANAT» партиясының өткен XXII Съезінің қорытындылары, мобильді қоғамдық қабылдаулардың іске қосылуы және «TALQYLAU» диалог алаңының жұмысы сияқты партияның қазіргі күн тәртібімен бөлісті. AMANAT Өз кезегінде Германияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі парламентаралық ынтымақтастық екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынастың маңызды құрамдас бөлігі екенін айтты. «Өткен жылдың қыркүйек айында біздің Үкімет қайта жасақталып, Христиан-Демократиялық Одақ партиясы 16 жыл ішінде алғаш рет оппозицияға кетті. Бұл – белгілі бір сын-қатерлер туғызатын біз үшін аса үйреншікті емес жағдай. Дегенмен, болашақта біздің парламенттік ынтымақтастығымыз одан әрі нығайып, парламентаралық байланыстар жандана түсетініне сенеміз», – деді Моника Иверсен. Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты белсенді дамытуға және партияаралық диалогты одан әрі нығайтуға келісті.