«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Моника Иверсенмен кездесті. Тараптар саяси ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Кездесуде Асхат Оралов Германия Қазақстанның Еуропадағы негізгі әріптестерінің бірі екенін атап өтті.
«Осы жылдар ішінде берік, сындарлы саяси диалог орнап, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастар қарқынды дамып келеді. Бізді Германиядағы партия құрылысының тәжірибесі, сайлаушылармен жұмыс істеу әдістері, жалпы партиялық жүйесі қызықтырады», – деді Атқарушы хатшы.Асхат Оралов «AMANAT» партиясының өткен XXII Съезінің қорытындылары, мобильді қоғамдық қабылдаулардың іске қосылуы және «TALQYLAU» диалог алаңының жұмысы сияқты партияның қазіргі күн тәртібімен бөлісті.