1 сәуірде доллар тағы қымбаттады
1 сәуірде доллар тағы қымбаттады
© pixabay
360
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы тағы өсті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 31 наурыз кешімен салыстырғанда 4,10 теңгеге қымбаттаған. АҚШ долларының орташа бағамы 471,13 теңге болды. Ұлттық банктің 1 сәуірдегі ресми бағамы 1 доллар үшін – 466,31 теңге. Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 471,85 теңгеден сатылса, сатып алу – 475,79 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 470,68 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны – 474,79.