Қазақстанда алдағы 3 күнде ауа температурасы 25 градусқа дейін көтеріледі
Қазақстанда алдағы 3 күнде ауа температурасы 25 градусқа дейін көтеріледі
© 24.kz
188
оқылды
"Қазгидромет" РМК  2-4 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. 
"Алдағы демалыс күндері, батыстан Атлантикалық циклон ауыса бастайды, бұл негізінен жаңбыр түріндегі жауын-шашынның өтуіне және елдің батысы мен солтүстігінде желдің күшеюіне әкеледі. Ал республиканың қалған бөлігінде, көтеріңкі қысым әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Иранның аудандарынан жылы ауа массаларының шығарылуымен, Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасының көтерілуі болжанады: батыста +15+23 градусқа дейін, солтүстікте, орталықта және елдің шығысында +8+18 градусқа дейін, ал республиканың оңтүстігінде +17+25 градусқа дейін жететін болады", - делінген хабарламада.