Отбасы банктегі депозитке 10% өтемақы төлене ме?

Отбасы банктегі депозитке 10% өтемақы төлене ме?

Отбасы банктегі депозиттерге 10% өтемақы төленеді. Ұлттық банктің мәліметінше, теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасы кең таралған салымдардың бәріне қолданылады. Атап айтқанда: – жинақ салымдары; – Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жіктемесіндегі мерзімді, сондай-ақ мерзімсіз салымдар; – Отбасы банктегі салымдар, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіндегі салымдар.

«Біржолғы өтемақы 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін есептеледі.Төлем жүргізу кезеңі туралы тиісті нормативтік-құқықтық акті жарияланғаннан кейін ғана белгілі болады. Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен мәлімдемесі бойынша, 10% өтемақы бюджет қаражатынан төленеді» делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Отбасы банк клиенттеріне үндеу жасағанын хабарлаған болатынбыз.