13 миллиард теңге жымқырған деген күдікпен «ӨКМ Операторының» бұрынғы басқарушы директоры ұсталды
13 миллиард теңге жымқырған деген күдікпен «ӨКМ Операторының» бұрынғы басқарушы директоры ұсталды
Фото: zr.ru
278
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы басқарушы директорын ұстады.
«Ол «Жасыл Даму» АҚ («ӨКМ Операторы» ЖШС құқықтық мирасқоры) тұлғасында мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіре отырып, істен шыққан көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы RecyclingCompany ЖШС-не заңсыз түрде қайта тіркеп, 13 миллиард теңгеден астам сомада сеніп тапсырылған қаражатты жымқырды деп күдіктелуде. Қылмыстық әрекеттер 2016-2019 жылдар аралығында «ӨКМ Операторы» ЖШС басқа қызметкерлерімен бірлесіп жасалды» делінген ресми хабарламада.
Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді. Бұған дейін «Оператор РОП» ЖШС-ның басқарушы директоры Руслан Шәмшиев қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз.